«Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері» атты поэзия кеші

14.02.2024 Выкл. Автор editor
«Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері» атты  поэзия кеші

2024 жылдың 14 ақпан күні Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 14 ақпан күні «Әлем- BOOK» жобасы аясында халық жазушысы, ақын Әбділдә Тәжібаевтың 115жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері» атты  поэзия кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу. Шараға №223 орта мектеп оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, «Барыс» шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысты.

Оқушылар оқушылар ақынның шығармашылығына шолу жасап, өлеңдер оқып, ақын сөзіне «Сырдария», «Құлыншағым» әндері орындалып, жас ақындарымыз арнау өлеңдерін оқып, слайд көрсетілді. Шара соңында кітапханашы «Сырда туған сұңқар ақын» атты кітап көрмесімен таныстырды.