«Менің атым Қожа» повесіне талдау

22.02.2024 Выкл. Автор editor
«Менің атым Қожа» повесіне талдау

2024 жылдың 22 ақпанында Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-Book» жобасы аясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» повесіне талдау ұйымдастырылды. Мақсаты:жазушы өмірбаянымен, шығармаларымен таныстыру.

Шара барысында:кітапханашы оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны және балалар сүйіп оқитын кітаптарына тоқталып,  «Менің атым Қожа» повесі бойынша қызықты сұрақтар қойылып, оқушылар өз ой-пікірлерін айтты. Шара соңында белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.