«Туған жер» кітабының өлеңдерін дауыстап жатқа оқу
29.02.2024Түгіскен ауылдық кітапханасында 2024 жылдың 29 ақпан күні клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — Book» жобасы аясында жерлесіміз, ақын Егенберді Күнқожаевтың «Туған жер» кітабының өлеңдерін дауыстап жатқа оқу өткізілді. Мақсаты: жерлес, ақын Егенберді Күнқожаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат бере отырып, оқушыларға кеңінен насихаттау. «Туған жер» шығармасын оқыту арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашаы А.Көшербаев жүргізіп, ақыннның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, оқушылар ақын ағамыз жайлы, оның суырып салма ақындығы, актерлік, асабалық, әншілік қабілеті жайлы әңгімелеп, қызықты естеліктер айтып, ақынның «Өлең болып өрілді ана сөзі», «Туған жер», «Жастардың жанып жігерін, тарихта қалды Желтоқсан», «Тәңір өзі қолдасын, енді соғыс болмасын!», «Халқым деп соққан жүрегі», «Өмір өткелдері», «Арман», «Ардагер спортшы», «Қадірін біл жастықтың» өлеңдерін жатқа оқыды. Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев «Туған жер — тұғырым» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды. Шараға 22 адам қатысты.