«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемде тұрақты кітап көрмесі

26.01.2024 Выкл. Автор editor
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемде тұрақты кітап көрмесі

2024 жыл «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу таңдалып алынды.

Осыған орай Бірлік ауылдық кітапханасында  26 қаңтар күні «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кең көлемде тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға С.Қожанов атындағы N55 мектептің оқушылары, «Ұшқын» кітап оқушылар клубы, мұғалімдер қатысты. Мақсаты: Оқырмандарды, оқушыларды балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, кітаптарын оқуға деген қызығушылығын арттыру.                                                                                                      Кітапханшы К.Сұлтанбаева жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы таныстырып өтіп, кітап көрмесімен таныстырды. Тұрақты оқырман П.Керімханұлы «Бердібек Соқпақбаевтың кез келген шығармасын оқи отырып, бүкпесіз суреттелген қоғам шындығын көруге болады. Жазушының әдебиетке деген шынайылығының көрінісі де осы болса керек» -деп жазушының кітаптары жайлы өз ойымен бөлісті.