«Кітап — адамзаттың жақын досы» атты кітаптар шеруі

02.04.2024 Выкл. Автор editor
«Кітап — адамзаттың жақын досы» атты кітаптар шеруі

«Әлем-Вооk» жобасы аясында, 2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай » Шаңырақ» аллеясында «Кітап — адамзаттың жақын досы» атты кітаптар шеруі және мерекелік шара болып өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов ашып, Халықаралық балалар кітабы күнімен құттықтап, жалпы шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ сөз алған шарамыздың қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ,балалар ақыны А.Сопыбековтің жары Шарипа анамыз бен балалар ақыны Оразбай Қосанов ағамыз ыстық лебіздерін білдіріп, аудандық кітапханаға өздерінің төл шығармаларын сыйға тартты.

Шара барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов ауыл, аудандық кітапханаларында «Ең үздік оқырман» атанған оқырмандарға марапаттар тапсырып, оқушылар ақындардың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.