«Жан ана» танымдық сағат

10.05.2024 Выкл. Автор editor
«Жан ана» танымдық сағат

2024 жылдың 10 мамырында Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 12 мамыр — Аналар күні мерекесіне орай «Жан ана» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпақтың аналарға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, мейрімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, ой-өрісін тіл байлығын дамыту, оқырмандарға ата-ана алдындағы парызы туралы түсініктеме беру.

Шара барысында: Кітапханашы аналар күнін мерекелеудің ерекшелігіне тоқталды, сондай-ақ оқушылар ана тақырыбына жазылған ақындарымыздың өлеңдерін оқып, оқушылар қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, шарадан алған әсерлерімен бөлісті. «Жан ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.