«Әлемді тербеткен Ана» атты өнеге сағаты

13.05.2024 Выкл. Автор editor
«Әлемді тербеткен Ана» атты өнеге сағаты

Мамыр айының екінші жексенбісін «Аналар күні» деп жариялануына орай  13 мамыр күні  «Әлемді тербеткен ана» атты өнеге сағаты аудандық балалар кітапханасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар күні туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Шараға «Заңғар»  интеллектуалды мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Акимбаева, ата-аналар   қатысты. Балалар аналарына арналған,  шын көңілінен шыққан, жүрек жарды жылы лебіздерін, көңіл толқытарлық жылы тілектерін айтып, арнайы тақпақтарын оқыды. Сондай-ақ оқушылар   «Әжесі мен Бағлан» атты көрініс көрсетіліп, аналарға арналған «Анажаным», «Ана» атты әндерді хормен  шырқады.  Шараға қатысқан аналар   тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, шараны қорытындылады.