«Рәміздерді құрметтеу – халықты құрметтеу» атты әңгіме сағаты

04.06.2024 Выкл. Автор editor
«Рәміздерді құрметтеу – халықты құрметтеу» атты әңгіме сағаты

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен орталық саябақтағы Рәміздер алаңында «Әлем –ВООК» жобасы аясында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерді құрметтеу – халықты құрметтеу» атты әңгіме сағаты өткізілді. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шараға «Қыран» жеке мектебінің оқушылары мен тәрбиешісі С.Садикова қатысып, рәміздер жайында мағлұматтар алды.