Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түгіскен ауылында

03.06.2024 Выкл. Автор editor
Президент кеңесшісі  Мәлік Отарбаев Түгіскен ауылында

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы ауданымызда іс сапарда болып, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша Түгіскен ауылдық клубының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Сыздықов тұжырымдаманың жеті жобасы аясында аудан бойынша қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерді баяндады. Түгіскен ауылдық клубының директоры Б.Тасқожаева «Кино ТІМЕ», «ART уақыт», «Сұхбат ТІМЕ», «Креативті HUB», «Жанұя шуағы» және «Еріктілер тобы» жобалары бойынша үйірме жұмыстарымен таныстырды. Түгіскен ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Көшербаев «Әлем ВООК» жобасы бойынша Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» кітабын оқырмандармен талдау жасады.