«Кітаппен өткен жаз қызық» атты ашық есік күні

01.06.2024 Выкл. Автор editor
«Кітаппен өткен жаз қызық» атты ашық есік күні

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  1 маусым –  Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай    27 мамыр – 7 маусым аралығында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты:  Балалардың жазғы демалысын тиімді  ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.  Шараға Жаңақорған ауданының   психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары  мен ерекше балалары, кітапхананың тұрақты  оқырмандары мен ата-аналары  қатысты.  Кітапхана қызметкерлері кітапханадағы тұрақты көрмелерге шолу жасап, оқырмандарды жаңа басылымдармен таныстырды.  Балалар қызықты түрлі-түсті кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Жаңадан оқырман болып тіркеліп, қызықты кітаптар алды.