«Серқұл Алдаберген –Алаш қайраткері» тағзым сағаты

31.05.2024 Выкл. Автор editor

Байкенже ауылдық кітапханамен клуб үйінің  ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Серқұл Алдаберген-Алаш қайраткері» атты тағзым сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

Шара барысында     Байкенже ауылдық округінің әкімі Н.Оспанов, С.Алдабергенұлының ұрпақтары, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серкінбайұлы Балтабай және жергілікті қоғамдастық төрағасы Бекназаров Сматулла аталарымыз Алаш қайраткері Серіқұл Алдабергенұлына орнатылған ескерткіш белгіге барып, атамыздың рухына құран бағыштап, тағзым етіп, халқымыздың азаттығы мен еліміздің тәуелсіздігі жолында жасаған жанқиярлық еңбегі үшін Кеңес Үкіметі мен орыс шовенистерінің қуғындауына түскен, осы жолда жанын құрбан еткен саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері С.Алдабергенұлын мақтанышпен еске алды.