«Тарих және тағылым»атты танымдық сағат

28.05.2024 Выкл. Автор editor
«Тарих және тағылым»атты танымдық сағат

2024 жылдың  28 мамыр  күні  Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр — Саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарих және тағылым» атты танымдық сағат өтті.  Мақсаты: Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны балаларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, балалардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру. Балалардың бойына отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Шара барысында кітапханашы қуғын – сүргінге ұшыраған қазақтың арыстай азаматтары туралы деректер айтып, мектеп оқушылары өз ойларын ортаға салды. Шара соңында кітапханашы  «Қасірет пен тағзым» атты кітап көрмесімен таныстырып шараны қортындылады.