Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жылдығына «Менің атым Қожа» кітабын талдау
29.05.2024Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем-ВООК» жобасы аясында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» кітабын талдап, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылығы және оның ерекшеліктері жайлы ақпарат ұсынып, «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетілді.
Әңгіме бойынша оқушылардың ойын тиянақтап, кейіпкерлердің образын ашу мақсатында топтық жұмыс жасақталып, «Тапқыр болсаң тауып көр», «Кейіпкермен жүздесу», «Қай сәт» ойындары ойнатылды.Оқушылар тыңғылықты жауап беріп, дайындық деңгейлерін көрсете білді. Жазушының көркемдік әлемі әр қырынан суреттелді.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, оған жазушының әр жылдары жарық көрген еңбектері қойылды