І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері:

01.07.2024 Выкл. Автор editor

І. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары мен міндеттері:

р/с Іс-шаралар мазмұны Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар
1 Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасы бойынша кешенді өзгерістер, экономикамыздың жаңғыруы, халықтың әл-ауқаты мен білімін көтеру бағыттарын басшылыққа ала отырып, оларды көпшілікке тұрақты түрде насихаттау Үнемі Аудандық кітапхана
2 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» заңдылықтарын, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары мен «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрықтарын, облыс әкімдерінің өкімдері мен шешімдерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын және аудандық кітапхананың Ережесін басшылыққа ала отырып, жұмыстар атқару Үнемі Аудандық кітапхана
  2024 жылға ҚР мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарының, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын, Жол картасының орындалуы, «Оқитын ұлт» жобасын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізу Үнемі Аудандық кітапхана

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары

 

3 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен, облыс, аудан әкімдігінен, басқа да тиісті орындардан келген бұйрықтар, шешімдер мен қаулылардың және басқа да тапсырмалардың орындалуын қадағалау Жыл көлемінде Аудандық кітапхана

 

4 Халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатына  бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде «Рухани жаңғыру», «Бір «Бір ел- бір кітап», «Әдеби өлкетану» және «Нағыз оқитын кез» жобалары бойынша жұмыстар жүргізу Жыл көлемінде Аудандық кітапхана

 

5 Аудан кітапханаларына әдістемелік басшылық жасау, әдістемелік көмек беру, кітапхана жұмыстарын жетілдіру  және библиографиялық жұмысты  жандандыру бағытында шаралар қабылдау Жыл көлемінде Аудандық кітапхана

 

6 Аудан кітапханаларының кітап қорын толықтыру, сақтау және жинақталған ақпарат көздерін қолдану бойынша жұмыстар атқару Жыл көлемінде Аудандық кітапхана

 

7 Құжаттардың сандық базасын құру, пайдалану мүмкіндігін кеңейту, насихаттау    
8 Аудан кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық жабдықтармен және интернет жүйесіне қосылуына, кадрлар біліктілігін арттыруға баса назар аудару Жыл көлемінде Аудандық кітапхана
9 Кітапхана ісін жетілдіру, кітапхана процестеріне ақпараттық технологияларды енгізу, дамыту және модельді кітапханаларды қалыптастыру Үнемі Аудандық кітапхана

 

10 Аудан кітапханаларында коворкинг орталықтарын ашу Жыл көлемінде Аудандық кітапхана

 

11 Аудан кітапханаларында атқарылған мәдени шаралар ақпаратын әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде жариялау.  Сайттар мен әлеуметтік желілерді соңғы ақпараттармен толықтырып отыру. Үнемі Аудандық кітапхана

 

12 —          Кітапханаларды қазіргі уақыт талабына сай безендіріп, оқырмандармен көпшілік және жекелей түрде жұмыс жүргізу Үнемі Аудандық кітапхана