Нашақорлық — қоғамға төнген қауіп
19.07.20242024 жылдың 19 шілдесі күні Әбдіғаппар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық — қоғамға төнген қауіп» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін денсаулықтың бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға нашақорлық қоғам дерті екендігін, зиянды әдеттен аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әрекеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге, жеке құқығын қорғай білуге, салауатты өмір сүруге, спортпен айналысуға шақырды.