Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
11.07.202411 шілде күні №1 кенттік кітапханасы Прайм парк саябағында «Күн сәулесі кітапта» жобасы аясында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Кітапханашы Ә.Сағатқызы оқырмандар мен балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойынды жүргізіп, «Балалрға базарлық» атты кітап көрмесіндегі ертегілер, балалар әдебиеті, көркем әдебиет өкілдерінің туындыларына тоқталды. Іс – шара барысында 4-кезеңнен тұратын интелектуалды ойындар оқырмандардың зейіні мен ой өрісін терең кеңейтуге бағытталған ойындар мен қамтылды. Қатысушылар топқа бөлініп өздерінің шеберліктерін, ұшқыр қиялдарын, шапшаңдықтарын көрсетті. Топ ішінде ең белсенді болған оқырмандарға жетондар берілді. Шараға 17 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Шара сәтті аяқталып, қатысушылар тамаша көңіл күймен тарқады