Бабамыздың үні сенсің, домбыра!

03.07.2024 Выкл. Автор editor
Бабамыздың үні сенсің, домбыра!

Түгіскен ауылдық клуб үйінде 2024 жылдың 3 шілде күні кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ұлттық домбыра күніне орай «Бабамыздың үні сенсің, домбыра!» атты өнер сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ұлттық аспабымыз домбыра туралы мәліметтер беру.Ұлттық құндылығымыз ата-бабамыздан мұра болған қасиетті домбырының қадір – қасиетін түсіндіру.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп,көпшілікке ұлттық аспабымыз домбыра жайлы мәліметтер беріп, «Бабамыздың үні сенсің домбыра» атты кітап көрмесімен таныстырды. Домбыра – қазақтың қадірі мен қасиетін атадан балаға жалғап келе жатқан жәдігер.Шара барысында өнер мектебінің оқушылары Рамазн.Бейсенбай мен Жанасыл Бейсенбайлар «Адай » күйін орындады. Құрманбай Бауыржан мен Ләззат Қожабаевалар «Ауылым» әнін орындады. Өнер мектебінің мұғалімі Н.Шамеева қазақтың киелі домбырасы жайлы айтып берді. Өнерпаздар «Ерке сылқым» күйін орындады.Шараны кітапханашы А.Көшербаев қортындылады.