Астана — ортақ мақтаныш

05.07.2024 Выкл. Автор editor
Астана — ортақ мақтаныш

Түгіскен ауылдық клуб үйінде 2024 жылдың 5 шілде күні кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 6 шілде — Астана күніне орай «Астана — ортақ мақтаныш» атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты: туған жерге, еліміздің әсем қаласына деген қызығушылықты, Қазақстан Республикасының астанасына деген мақтаныш пен патриоттық көзқарасты қалыптастыру, бас қаламыздың тарихы туралы мәлімет беру.

Шараны клуб үйінің қызметкері М.Жексенбаев жүргізді. Ауыл әкімі С.Туғанбаев сөз сөйлеп, көпшілікті Астана күні мерекесімен құттықтады. Клуб үйінің қызметкері Л.Қожабаева «Жақсы көрем қазақ деген елімді» әнін орындады № 209 орта мектептің 7 сынып оқушылары Айша Қожабекова мен Сәбитқызы Ақармандар «Елордам», «Арайлы Астанам!» өлеңдерін жатқа оқыды. Көркемөнерпаздар үйірмесінің квартеті «Туған жер» әнін орындады. Кітапханашы А.Көшербаев клуб үйінің фоесінде «Еліміздің жүрегі – Астана!» атты  кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілікке таныстырды. Кітап көрмесіне Астана туралы екі томдық энциклопедия, Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы, Астана жайлы кітаптар, фотосуреттер қойылды. Жігіттер квартеті «Туған ел» әнін орындады