Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл
19.07.2024Түгіскен ауылдық кітапханасында 19 шілде күні «АДАЛ АДАМ» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — ВООK» жобасы аясында жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романынан оқырмандар конференциясы өткізілді. Мақсаты: жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, жазушының құнды мұраларын кеңінен насихаттау арқылы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, «Көркем сөздің зергері» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды. Жазушының «Ақбілек» романы қазақ прозасын үлкен белеске көтерген күрделі шығарма. Көрнекті жазушының шығармаларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізілген шараға №209, №256 орта мектеп оқушылары, «Әлем – BOOK» оқырмандар клубының мүшелері мен клуб қызметкерлері қатысты. Конференцияға қатысушылар романда көтерілген басты мәселе – қазақ қызының қиын тағдыры мен әйел теңсіздігі жайлы жан-жақты талқылап, өз пікірлерін білдірді. Ақтардың қолына түсіп, орыс әскерлерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу – күнәсіз де пәк қыз үшін өте ауыр болады, осы жайлы кітапхана оқырманы Г.Үкібаева әңгімелеп берді. Ақбілектің айттырған жігіті Бекболат жайлы М.Жексенбаев әңгімелеп, өз пікірін білдірді. Кеш қонағы Р.Абсаттарова сол кезеңдегі қазақтың қайсар қызының тағдыры, әйел теңсіздігі жайлы өз ой-пікірімен бөлісті. Конференцияның өтуіне барлық оқырмандар атсалысты