6 шілде – Астана күні

05.07.2024 Выкл. Автор editor
6 шілде – Астана күні

5 шілде  күні, А.Сопыбеков атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Жаңақорған аудандық қоғамдық даму  бөлімімен бірлесе отырып,  6 шілде – Астана күніне орай  «Жаса, жайна ару қалам —  Астанам» атты  әдеби кеш ұйымдастырды.       Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу, көңілді орта қалыптастыру, бас қала – Астана туралы насихаттау,  патриотизм сезімін және өз елі үшін мақтаныш сезімін дарыту.  Шараға аудан әкімінің  орынбасары Б.Нуридинов, жергілікті ақын,  Қазақстан және Халықаралық  Жазушылар Одағының мүшесі  Ф.Сахиев, «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері,  кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шараны кітапханашы М.Кадирбергенова жүргізіп, аудан әкімінің  орынбасары Б.Нуридинов  ашып берді, Астана күні мерекесі қарсаңында қоғам белсендісі, ауданға еңбегі сіңген зейнеткер Әдемі Дәрібаеваға  «Жаңақорған ауданының 95 жылдығына»  арналған медалін тапсырып,  марапаттады. Ақын Ф.Сахиев «Астанаға арнау» атты өлеңін оқыды, кітапхананың тұрақты оқырмандары  А.Искакова, А.Ерсұлтан  «Астана» күніне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып берді. «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында әндер тыңдады. «Жаңа Қазақстан — жаңа медиа» атты кітап көрмесімен кітапханашы М.Кадирбергенова таныстырып өтті.  Шараға 15 адам қатысты.  Сол күн кешке «Prime Park» орталық саябағында Астана күніне арналған «Асқақтай бер, Астана!» атты мерекелік шара барысында А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана Астана күніне арналған «Жаңа Қазақстан — жаңа медиа»атты кітап көрмесін жасақтап, оқырмандарға ұсынды