Жаңа Қазақстан — жаңа медиа

05.07.2024 Выкл. Автор editor
Жаңа Қазақстан — жаңа медиа

А.Сопыбеков атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі 6 шілде – Астана күніне орай  коворкинг орталығында және кешкі «Prime Park» орталық саябағында «Жаңа Қазақстан — жаңа медиа»атты кітап көрмесін жасақтап, оқырмандарға ұсынды. Көрменің мақсаты: Ару қала, бас қала Астанамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін баяндау арқылы оқырмандарға Астана қаласы туралы әдебиеттерді насихаттау, астана тарихы туралы білімдерін жетілдіру.  Кітап көрмесіне Астана туралы фотосуреттер, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттер қойылды. Атап айтсақ: «Астана: Қазақстанның жүрегі», А. Джаксыбеков «Так начиналась Астана», Т.Барабанова «Астана: фотоальбом», Астана: энциклопедия», «Акмола: энциклопедиясы және «Қазақ елі», «Центр Азии», «Егемен Қазақстан» сияқты мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар ұсынылды.
Шара барысында оқырмандар назарына арайлы астанамыз жайында құнды деректер баяндалып, библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Іс – шараның өткізілуі барысында оқырмандар Қазақстан Республикасының жаңа Астанасының құрылуы мен дамуы туралы қызықты мәліметтермен танысты.