Астана – мерейім, мәртебем, беделім

04.07.2024 Выкл. Автор editor
Астана – мерейім, мәртебем, беделім

4 шілде күні    «Әлем –ВООК» жобасы аясында  6 шілде – Астана күніне байланысты.   «Астана – мерейім, мәртебем, беделім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру. Оқушылардың ой — өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  Отанға деген   сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Кітапханамыздың оқырмандарына Астана қаласы қай уақыттан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болғандығы, бүгінгі Астана мен кешегі Астананың айырмашылығы туралы,  Астана – мемлекеттің ең iрi iскер, дипломатиялық, сауда және мәдениет орталығы екендігі жайлы және Астанамыздың  жеткен жетістіктеріне тоқталып, еліміздің болашағы жастар екенін , сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болсын деп кітапханашы сенім білдірді. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана — тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.