Туған өлке тұлғалары

26.07.2024 Выкл. Автор editor
Туған өлке тұлғалары

26 шілде күні  Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  ұйымдастыруымен «Туған өлке тұлғалары» жобасы аясында,  биология ғылымдарының докторы,  профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері Альфарид Низаметдинұлы Илялетдиновтің туғанына  95 жыл толуына орай    «ХХ ғасыр адамы – Альфарид Илялетдинов»  атты тарихи танымдық шара өткізілді. Саналы ғұмырын Қазақстан микробиология    ғылымын әлемдік деңгейге жеткізуге арнаған ғұлама ғалымның өмір жолы мен еңбектерін насихаттау мақсатында өткен бұл шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлы, білім беру саласының үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері Аллаберген Ахметов, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Баян Үсейінова  және кітапхананың тұрақты оқырмандары  мен «Жастар ресурстық орталығының» жастары қатысты.  Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлы ашып беріп, кітапхана директоры Әсемкүл Тилеубергенова модераторлық жасаса, Аллаберген Ахметов ғалым туралы  баяндама жасады. Кітапханашы Замира Садыкова «Туған өлке тұлғалары» атты кітап көрмесімен таныстырып, ғалымның өмір жолы мен еңбектеріне тоқталып өтті. «Жаңақорған тынысы» газетінің  редакторы  Баян Үсейінова да білімі мен білігін туған ел игілігі мен өркендеу жолына арнаған тұғырлы тұлға жайлы әңгімелеп, еске алды. Шараны кітапхана директоры А.Тилеубергенова қорытындылап, кеш соңы әнші Әбсұлтан Байкенжевтің орындауында «Жаңақорған» әнімен аяқталды.