Саябақтағы кітап акцияясы

12.07.2024 Выкл. Автор editor
Саябақтағы кітап акцияясы

12 шілде күні «Саябақтағы кітап акцияясы» жобасы аясында « Орталық стадион» балалар демалыс орнында  «Жайдарлы жазға кітаппен бірге»  атты көңілді арбат өткізілді. Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу.

Шара барысында «Орталық стадион» алаңында балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Көңілді қиялшылар елі», «Үштік жұмбақ»,  «Тапқыр болсаң тауып көр » ойындары ойнатылды. Сонымен бірге жас бүлдіршіндер назарына қазіргі таңда танымал балалар авторларының шығармалары, ертегілер, кітапшалар, балаларға арналған танымдық анықтамалар мен журналдар ұсынылды. Кітапханалық арбат  балалар үшін кітапхананың мәдени атмосферасын сезініп, көңілді уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Балалардың кітап оқуға және кітапқа деген қарым-қатынасын өзгертетін осындай шаралар  кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы болып табылады.