Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан

10.08.2024 Выкл. Автор editor
Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.» — деп,

адамзатты еңбек пен білімге, рухани дамуға, сананы жаңғыртуға шақырған ойшыл, қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты кітап көрмесі А. Сопыбеков атындағы Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің фойесінде жасақталды. Кітап көрмеге ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптары мен интерактивті оқыту технологиясы негізінде даярланған кешенді кітаптары, заман талабына сай жасалынған QR код сканерлеу арқылы оқылатын электронды кітаптары, танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары қойылып, көрмеге келген көрермендерге кеңінен таныстырылды.

Мақсаты: Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын оқырмандарға кеңінен танып білуге ықпал ету, насихаттау.