Алаш жырының ақ шағаласы
10.08.2024«Әлем-Воок» жобасы аясында Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Алаш жырының ақ шағаласы» атты тақырыпта әдеби сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Балалардың біліктілік дағдыларын ұштай отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Өз ойларын көркем тілмен жеткізетін, поэзияны сүйетін тұлға тәрбиелеу.
Кеш барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева Ақұштап Бақтыгерееваның өмір жолдарына шолу жасады. Тұрақты оқырман Өтен Даулет ақынның шығармашылығы жайлы толық мағлұмат берді. Оқушылар кезектесе шығып ақынның азаматтық, ана, махаббат, туған жер тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Атап айтатын болсақ «Туған жер», «Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді», «Болашақ бойжеткендермен сырласу», «Жайыққа сәлем де сен» атты жырларын оқушыларымыз Б.Сырлыбай, А.Болатбекқызы, А.Әбдібек, Н.Әбсадықтар мәнерлеп оқыды. «Оралдың ерке самалы» атты әсем әнмен кешіміз әрленіп, оқушылар ақын шығармашылығына қатысты қойылған интеллектуалдық сұрақтарға белсенді қатысты.