Ай мен Айша
12.08.2024Халықаралық жастар күніне орай Бірлік ауылының жастары кітапханада бас қосты. Белсенді оқырмандардың және «Ұшқын» оқырмандар клубының жетекшісі Өтен Даулеттің қатысуымен «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында халық жазушы, қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» кітабынан талдау өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты мемуарлық романның мазмұнымен толық танысу, шығарманың идеялық құндылығын айқындау, басты кейіпкерлердің бейнесін ашу және кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігіне талдау жасау.
Аталмыш шара аясында көркем шығармада суреттелген басты кейіпкерлерге талдау жасалды. Қатысушылардың біразы балалықпен ерте қоштасқан, кішкентай кезінен қиын-қыстау күндерді басынан өткізген, еңбекқор, өжет, туған жерге, адамдарға деген ізгілігін жоғалтпаған кейіпкер – Барсхан образына тәнті болса, енді біразы тағдыр талқысында жігері мұқалмай балаларына өмірлік тәлім-тәрбие берген, намысқой, төзімді қазақ әйелі – Айша бейнесі асқан шеберлікпен бейнеленгенін атап айтты. Шара соңында қатысушылар шығарма желісі бойынша өз ойларын ортаға салып, романды оқу барысында алған әсерлерімен бөлісті.