Өлеңмен өрілген ғұмыр

28.08.2024 Выкл. Автор editor
Өлеңмен өрілген ғұмыр

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «АДАЛ АДАМ» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-BOOK» жобасы аясында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Өлеңмен өрілген ғұмыр» тақырыбында ақынның өлеңдерінен дауыстап оқу өткізілді.

Мақсаты: ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттай отырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Олардың жазғы демалыс уақыттарын қызықты өткізуге жағдай жасау.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер беріп өтті. Ақұштап ақынның жырларының ең басты екі тірегі – туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Шара барысында «Әлем — BOOK» қызығушылар клубының мүшелері Айша Қожабекова, Әбдісадық Әмина, Артықбай Айдай, Анарбай Нұржарық, Амандық Сырымдар ақынның «Бозторғай», «Қазақстан», «Туған жер», «Досқа тілек», «Ақ Жайық, арнаға түс, арындама!» өлеңдерін дауыстап оқыды. Кітапхана оқырманы Н.Шамеева ақынның өлеңдері мен шығармашылығы жайлы өзінің пікірін білдірді. Кітапханашы А.Көшербаев «Өлеңмен өрілген ғұмыр» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен таныстырды.