Жанұя шуағы
28.08.2024
Сунақата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «АДАЛ АДАМ» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» жобасы аясында ауылымызда ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында қызмет атқарған жанұялы Досмағамбетовтер отбасымен «Жанұя бақыты – шаңырақ шаттығы» атты кездесу болып өтті. Кездесу кешін кітапхананың белсенді оқырманы Біртай Алматхан жүргізді. Кеш қонақтары Досмағамбетов Әбілжан мен Искандирова Клара атқарып жүрген жұмыстары, бала тәрбиесі, жанұя мүшелерінің бір-біріне қарым-қатынасы жайлы кеңінен айтып өтті.
Мақсаты: Келешек жас ұрпақтарға мамандық таңдау, жар таңдау мәселесі, отбасылық сыйластық жайлы кеңінен насихаттау.