Тәуке ханның жеті жарғысы
28.08.2024№ 1 кенттік кітапханасы «Әлем – ВООК» жобасы аясында 30 тамыз — Конституция күніне орай «Тәуке ханның жеті жарғысы» атты библиогидтік шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға 1680-1715 жылдардағы Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы туралы мағлұмат беру. Тәуке ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Тәуке ханның заңдарымен, ұлы билердің өмірі, тұлғасы туралы, кемеңгер қазақ билерінің қоғамдағы, халық тарихындағы елеулі еңбегі жайлы түсінік беру. Жеті жарғы туралы мағұлмат алу.
Шараны А.Сопыбеков атындағы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Жиенбаева ашып беріп, Қазақстан Республикасының Конституциясына тоқталды. Сонан соң «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолынан» бастау алып, кейінгі Тәуке ханның «Жеті жарғысын» кітапханамыздың тұрақты оқырманы Әбді Балнұрға айтып өтті.
Қазақ хандығын нығайтуда Ұлы билердің қосқан үлестері зор екенін Гүлсезім мен Аделя түсіндіріп өтті. Сондай –ақ кітапханашылардың дайындаған «Құнды құжаттар» атты бейнероликті оқырмандарымыз тамашалады. «Айшуақ» триосы «Келіншек», «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіре орындады. Кітапханашы Ә.Сағатқызы «Ата Заң — мәңгілік елдің берік тұғыры» атты кітап көрмесімен таныстырып, Ата Заңымызды құрметтеу біздің қасиетті борышымыз деп шараны қортындылады