Ел қорғаған ер Жәкем

20.09.2024 Выкл. Автор editor
Ел қорғаған ер Жәкем

Түгіскен ауылдық кітапханасында 20 қыркүйек күні «Кітап Тайм-2024» ІІІ жалпы республикалық фестивалі аясында, қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының  туғанына 250 жыл толуына орай «Ел қорғаған ер Жәкем» тақырыбында тарихи кеш өтті.

Мақсаты: жастарды туған елі мен жерін қоғауға, турашыл, адал болуға, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмір жолы мен елін, жерін қорғау үшін жасаған ерліктері жайлы тарихи мағлұмат беріп өтті. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы алшын тайпасынан шыққан батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазақ халқының тарихындағы ардақты есімдердің бірі. Жанқожа жастйынан өте әділ, тура мінезді, туған елі мен жерінің қорғаны болған кісі, досқа да жауға да адал, сертке берік жан болған. Шараға қатысушы №209 орта мектебінің мұғалімі А.Палымбетов Жанқожа батырдың жасаған ерлік жолдары туралы айтып, оқушыларды тарихи кітаптарды көп оқуға шақырды.Түгіскен өнер мектебінің мұғалімі Г.Шермағанбетова мен шәкірті А.Ақмырзаевалар «Балбырауын» күйін орындады. Клуб үйінің қызметкерлері М.Маликов пен Қ.Сұлтановтар Жанқожа батырдың Кенесары ханға айтқан жырларынан көрініс көрсетті. №0209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептің оқушылары Саттарқызы Мәншүк, Әбілқасым Аруна, Әуелхан Айбар, Талғатқызы Алтынай, Сұлтан Сүндеттер Жанқожа батыр жырларының түрлі нұсқаларын жатқа оқыды, 6а сынып оқушысы Ақмырзаева Алина «Адай» күйін орындады. Кеш қонағы Г.Шермағанбетова Жанқожа батырдың ерлігі жайлы әділ шешімдері жайлы әңгімелеп берді. Шараға №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептің 9 ә сынып оқушылары, клуб қызметкерлері, мұғалімдер қатысты. Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев «Ел қоғаған – ер Жәкем» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен таныстырды.