Жаңақорған ауданы А.Сопыбеков атындағы кітапхананың «KitapTime – 2024» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында 20 қыркүйек күні өткізілген шаралардың мәліметі
20.09.2024Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен өтетін «Кітап Time – 2024» республикалық кітап фестивалі аясында Жаңақорған аудандық кітапханасының тұйымдастыруымен Машбек ауылдық клуб үйінде Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет иесі» медалінің иегері, жерлесіміз, ақын Тұрсынкүл Құрманбекованың туған жерінде алғаш рет шығармашылық кеші өткізілді.
«Өлеңім өмірімнің өрнегі» атты шығармашылық кешін ауыл әкімі Сердалиев Бағдаулет, ақсақалдар төрағасы Булеков Бакберген, ардагер ұстаз Сұлтанов Серікбай ағайға берілді. Шығармашылық кештің иесіне аудан әкімі Мәжит Самитұлының «Құттықтау хаты» мен сый-сыяпат табысталды.
Рухани шарада Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, арнайы Тараз қаласынан келген құрметті қонағымыз Нақсұлу Шегебайқызы, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Жібек Искакова арнау өлеңдерін оқып, ақындық жолынан айнымаған анамыздың еңбегін дәріптеді. Кентау қаласынан келген қонағымыз Сазгер Жупаркүл Бекшораева ақын сөзіне жазылған бірнеше әндерді орындап, кейіпкердің сан сырын аша білді.
Ауылдың бір топ оқушылары ақын апаларының өлеңін жатқа оқыды. Жергілікті өнерпаз Көкен Өскенбай ақынның өлеңіне жазылған әні «Сөзімді арқау етіп жаздым өлең» өлеңін термеге қосты.
Бүгінгі кеште оқылған өлеңдердің көбі Тұрсынкүл Құрманбекованың жаңадан жарық көрген «Желіден ескен жылы леп» атты кітаптың парақтарында тоғыстырылған. Осы кеште туындының тұсаукесер құрметі Халықарылық Жазушылар Одағының, Түрік Әлемі Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облысының «Құрметті ардагері», Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» ақын-журналист Сахиев Файзулла Пазылбекұлы және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Нақсұлу Шегебайқызына ұсынылды. А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапханаға кітаптар арнайы сыйға тартылды.
Сахна төріне Тұрсынкүл Құрманбекованың сөзіне жазылған Сазгер Жупаркүл Бекшораеваның орындауында «Сұлуымды сағындым», «Айымсың сен айымсың» атты әні орындалды. Жазғаны жанға шуақ, санаға сәуле құяр көркемдік әлем – ізденімпаз Тұрсынкүл Құрманбекованың болмысы дерсіз. Шартарапқа шұғыласын төккен шығармашылық шынайылық көрсеңіз, ол да – Тұрсынкүл ақынның ақиқаты.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз _автордың сөзіне жазылған «Өлеңім серігімсің» орындайтын жыршы- термеші Мұхтар Дәрібаев орындағанда халықтың құрмет-қошеметі артты. Осы кеште ауылдың жас ақыны Бекарыс Бексаба ақынның есімінің әр әріпіне бір шумақтан құрап, ақын апасына құрметін өлеңмен өрді..
Бүгінгі Халықарылық Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет иесі» медалінің иегері, жерлестеріңіз, ақын Тұрсынкүл Құрманбекованың «Өлеңім өмірімнің өрнегі» атты шығармашылық кеші көпшіліктің көңілін тербеп, өз мәресіне жетті.
Біз өз ақындарымызды әрдайым құрметтеп келдік және құрметтейміз. Өлеңнің қадір-қасиетін түсінетін жандар барда Тұрсынкүл апа секілді отты жүрек ақынның ұмытылуы әсте мүмкін емес. Дегенмен, отты жырдың қызуын ұрпағы жанына жақын тұтса ғана өміршең болады. Сонда ғана келер ұрпақ ақынның қуатты жырынан нәр алып, рухты болып өсері кәміл.