Мәдениет саласының үздігі

07.09.2024 Выкл. Автор editor
Мәдениет саласының үздігі

2024 жылдың 14 қыркүйегі күні Бесарық ауылдык клубында «Адал адам» мәдени- тәрбие орталығының тұжырымдамасының “Әлем-BOOK” жобасы аясында Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақ энциклопедиясына 50 жыл» алтын медалі мен Әлем халықтары жазушылар одағының «Құрмет иесі» медалінің иегері ақын, журналист, әуесқой композитор Кенжеғали Серікбайұлы Қошым-Ноғайдың 63 жас мерейтойына арналған «Ауылым-алтын бесігім» атты шығармашылық кеші өтті. Сонымен қатар “Парыз” кітабының тұсау кесері өткізілді.

Мақсаты: жергілікті ақын, жазушының шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы туған елге, жерге деген сүйіспеншілік ояту.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жетістіктері көрмеге қойылды. Шара барысында ауыл адамдары ақынға деген сый-құрметін көрсетіп, ат мінгізді, шапандар жабылды. Ақынның өлеңдері оқылып, ән айтылды. Ауыл ақсақалдары кітаптарының тұсауын кесті. Ауылымыздың жергілікті ақыны Ерсұлтан Мұстафаев Кенжеғали Қошым-Ноғайдан сұхбат алды.