Балалар бақытты болу үшін жаралған
07.09.20242024 жылдың 17 қыркүйек күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты «Балалар бақытты болу үшін жаралған» атты қайырымдылық кеш өтті. Мақсаты: Балалардың бойына рухани- адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы- жаманды ажырата білуге, ізгілік, қамқорлық асыл қасиеттерді бойына дамыту, қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Шараға мүмкіндігі шектеулі жандармен мектеп оқушылары қатысты. Мерекелік кеш ерік жігері мықты, өмірдің небір кедергілеріне қарамастан, өмір сүруге деген құштарлығымен бойында батырлық қасиеттерін оятқан жандарға арналды. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл аударуды күшейту керек, бұл азаматтарға көмектесу әрбір азаматтың қоғам алдындағы борышы, аталған игі істер барлық әлемде жалғасын тауып келеді. Бұл шараға қатысушы өнерпаздар өнердің түрлі саласын; өлең оқу, ән айту, күй шертіп өнерлерін ортаға салды. Әдіш Рамазан отырған көпшілікті рухтандыратын «Қазағым» әнін әуелете шырқады. Айдидар Нұраділқызы «Бауырым», клуб үйінің сүйемелдеушісі Беделбек Гулзира «Анашым» әнін орындады. Әлеуметтік қызметкер Р.Қозытаева бүгінгі қайырымдылық кешінде өз пікірін білдірді. Шара соңында сөз алған кітапханашы Ш.Әлжан шараны қортындылап, бүгінгі қатысушыларға естелік сый- сияпат жасады.