Қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы

13.09.2024 Выкл. Автор editor
Қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы

13 қыркүйек күні №1 кенттің кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, публицист, музыкатанушы, кәсіби суретші, Қазақстан мен Қырғыстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, зердесі биік өнер зерттеушісі Илья Жақановтың 88 жасқа толуына орай «Қазақ мәдениетінің тұғырлы тұлғасы» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді.

Кештің мақсаты: жас оқырмандарымызды И.Жақановтың еңбек жолымен және өмірбаянымен таныстыру, композитордың туындыларын насихаттау. Музыкалық кешке кітапханамыздың оқырмандары мен «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері мен әнші қыз-келіншектері қатысты. Кітапханашы Иманбаева Ұлсерік шараны жүргізіп, жазушының өмірбаянымен таныстырып, композитордың әр өлеңдерінің шығу тарихын айтып өтті және де ақын-жазушылардың И.Жақанов жайлы жазылған пікірлерін де, суретшілік қабілетін де видео жасау арқылы экраннан көрсетіп, таныстырып шықты. Шара барысында «Арман» мәдениет үйінің әншілері Р.Ертаев пен Ш.Мырзалы жанды дауыста И.Жақановтың әндерін керемет етіп, нақышына келтіріп орындап берді. Соңында келген қонақтарымыздың да жас оқырмандарға айтқан пікірлерін, тілектерін тыңдап, Р.Ертаевтың орындауындағы «Ауылдастарым» әнімен шараны аяқтадық.