Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры
04.09.20242024 жылдың 4 қыркүйек күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығының тұжырымдамасының «Әлем- Воок» жобасы аясында 5 қыркүйек — халықаралық тілдері күні «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: ана тілімізді терең меңгеру, құрметтеуге баулу, халқымыздың әдеп – ғұрыпын, салт–санасын, үйрету. Инабаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиелі мінез-құлыққа тәрбиелеу. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Тілдің Мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл іс- шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Дәуіт Гүлім «Ана тілі», Ізбасар Таңшолпан «Үш бақытым», Мырзалықызы Гүлсері «Буынсыз тілің», Оразалы Заңғар «Ана тілің — арың бұл», Әбілғазы Райана «Тілім менің», Тұрғанәлі Ақүрпек «Ана тілім ғажап деп айта аламын», Әбдіш Кәусәр «Үйрен ана тіліңді» т.б оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонан соң, Араппай Медина мен Дүйсенбек Құралай «Балбырауым» күйін орындады. Кеш соңында кітапханашы Ш.Әлжан «Тіл – ең асыл қазына» кітап көрмесі ұйымдастырылып тіл білімі жайлы әдебиеттерге шолу жасалды.