Тілім барда айтылар сыр ойдағы
05.09.2024«Әлем ВООК» жобасы аясында №2 кенттік кітапханада 5 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты тақырыпта дөңгелек стол болып өтті. Шара барысында кітапханашы Қ. Айдосова өз сөзінде: тіл адамның барлық саналы өмірінің құралы, өнер-білімді, мәдениеттілікті қоғамның белсенді азаматы болуды тіл арқылы үйренеміз — деп тілдің құдіретін осылай жеткізіп шараны ашты. Шараға Әлшекей өнер мектебінің оушылары қатысып, тілге байланысты дана сөздерге тоқталса, №286 мектеп окушысы Махмут Ханбибі М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтты. Кешті Әлшекей өнер мектебінің домбыра жетекшісі Г.Булдырықова «Тіл-ата –баба аманаты. Ғасырдан–ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан-бабаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы, алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың парызымыз»-деп кешті қорындылады. Шара соңында Әлшекей өнер мектебінің окушылары күй шертіп, әдемі көңіл күй сыйлады. Мақсаты: тілдің қасиетін сезінуге, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.