Адал адам
03.09.20242024 жылыдың 3 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — ВООК» жобасы аясында 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай » Өсірген ой білімді, сүйемін туған тілімді» атты зияткерлек ойын өткізілді. Іс-шараға С.Қожанов атындағы N55 мектептің мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары, Ақүйік ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маманы,әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық ізденістерін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ой-өрістері мен танымдарын дамыту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шарамыз Таныстыру, «Жүйрік болсаң шауып көр» (сұрақ – жауап), «Даналық сөзден дән ізде» (тілге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу), «Кім зерек» (өлең жолдарынан үзінді беріледі, ол кімнің өлеңі және атын айту керек), «Тапқыр болсаң талас жоқ» (жұмбақтар әлемі), «Анаграммалар» атты алты кезеңді қамтыды. Сайысқа алты оқушыдан тұратын «Сұңқар» және «Тұлпар» атты екі топ қатысты. Шара барысында оқушылар белсене ат салысып, тапқырлық таныта білді. Сайыс соңында әділ-қазылардың көмегімен ұпай саны нақтыланып, жеңімпаз топ анықталды. Ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтіп, ажары айшықтана түсті.
Ойын өте тартысты және қызықты өтті. Нәтижесінде тапқырлықтары мен білімдері басымдырақ болған «Сұңқар» командасы қорытынды ойынның жеңімпазы атанды