Қарты бар ел – қазыналы ел

01.10.2024 Выкл. Автор editor
Қарты бар ел – қазыналы ел

А.Сопыбеков атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне  орай  «Қарты бар ел – қазыналы ел»  атты  кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: қарттарды сыйлап, қадірлеу,  имандылыққа  тәрбиелеу,  үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге баулу. Шараға кітапханада еңбек етіп зейнетке шыққан Ырыскүл Тұрсынова шақырылып, арнайы сый-құрметке ие болды. Кітапханашылар арнайы гүлмен қарсы алып, тұғырлы орнына құрметтеп отырғызды. Шараны кітапхана директоры А.Тилеубергенова ашып беріп,  директордың шарауашылық жөніндегі оранбасары А.Маханов, кәсіподақ төрайымы З.Аманова сөз сөйлеп құттықтап, сый-сияпатын ұсынды. К.Әбілпейіс «Әжем» әнін орындады.  Кітапханашылар  «Ырыс апайдың жұмыстағы бір күні» атты  көрініс  көрсетті. Ұжымдастарға сөз беріліп, «Қимай тұрмын» әнін хормен орындады.  Шара соныңда кеш қонағы  Ырыскүл Тұрсынова ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады