Ақбілек романы
03.10.20243 қазан күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімімен №51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің әдебиет пәні мұғалімі Әуелбекова Әдемінің жетекшілігімен 9 сынып оқушыларының қатысуымен, «Әлем-Воок» жобасы аясында жазушы Ж. Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақбілек» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияны Ә. Әуелбекова өзі жүргізіп Ж.Аймауытовтың өмірбаянына кеңінен тоқталып, нақыл сөздерін талдап түсіндірді. Ақбілек романын оқушылар барлығына дерлік толықтай оқығандығы байқалды. Оқушылар ойларын ашық жеткізе білді. Басты кейіпкер Ақбілектің басынан өткен қиын кезеңдерді, анасының қайғылы жағдаймен көз жұмғандығы, әкесінің Ақбілекке көз қарасы барлығын оқушылар түсінікті етіп жеткізіп берді. Сұрақ-жауап болды. Оқушылар екі тарапқа бөлініп, бір жағы қазіргі таңдағы әйелдер теңсіздігі болса екінші жағы бұрынғы замандағы әйелдер теңсіздігін баяндады. Оқушылар барлығына дерлік жақсы ат салысып отырды.
Мақсаты: Ж.Аймауытовтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, ХХ ғасыр басында қоғамдық құрылыстар мен жіктелген екі дәуір шекарасында өмір сүріп, аласапыран заман шындығын әдебиет тілінде үлкен cуреткерлікпен бейнелеген қаламгер Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын жастар арасында насихаттау, рухани м ұра арқылы оларға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.