Менің Қазақстаным – болашағым
23.10.202423 қазан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен аудандық архив қызметкерлерінің ұйымдастырумен, Заңғар интеллектуалды мектебінің оқушыларымен «Менің Қазақстаным – болашағым » атты кеші өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отаның сүюге, қазақ екені, Қазақстанда тұратының мақтаныш етуге, туған халқымның тілін, мәдениетін, салт–дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар болуға тәрбиелеу. Елінің Туын Елтаңбасын,Әнұраның қастерлеуге өз елін, тегін, туған жер тарихын және елім, жерім деп аянбай еңбек еткен азаматтарды білуге тәрбиелеу.
Мсрекелік кешті Заңғар интеллектуалдық мектебінің «Шабыт» би тобы қазақ биімен ашып берді. Ұлттық мерекенің алғашқы сөз тізгіні аудандық архив басшысы Зағипа Бегманқызына сөз беріліп, келген қонақтармен таныстырып өтті. Заңғар интеллектуалдық мектебінің 5-сынып оқушылары Республика күніне дайындап алып келген өлең шумақтарын жатқа айтты. Ерлан Нұрғиса, Еркін Әмина, Қанатқызы Аймира ұлттық аспабымыз домбырамен «Қазақ» әнің орындады. Кітапханашы М.Бибасарова «Қазақстан – Кеше! Бүгін! Кітаптар сөйлейді!» атты кітап көрмесін кеш қонақтарына таныстырды.
Кеш қонақтары сөз алып, жас буынға Республиканың оңай келмегені жайлы және өздерінің сол уақыттардағы жұмыс жасағаны жайлы сөз етті. Шара соңында оқушылардың орындауында Отан әнімен хор айтылды.