Соңында өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырған-өміршең өнердің иесі

07.11.2024 Выкл. Автор editor
Соңында өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырған-өміршең өнердің иесі

2024 жылдың  7 қараша күні Жаңақорған ауданы Жайылма ауылдық кітапханасында «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы  тұжырымдамасының «Әлем — ВООК» жобасы аясында сазгер, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 75 жыл толуына орай « Соңында өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырған-өміршең өнердің иесі» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өткізілді.

Мақсаты: өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің шығармашылығы мен өмір жолын таныстыра отырып, өнерін насихаттау.

Шара барысында сазгердің ел арасында кеңінен танымал болған «Ақбаяна», «Әйел күннің шуағынан жаралған», «Гүлденген Жаңақорған» атты әндері шырқалып, ақын А.Сопыбековтың «Ақбаян» поэмасынан 7 сынып оқушылары үзінді оқыды.

Шара соңында «Әуелеп ұшқан ән-өмір» атты кітап көрмесі таныстырылды.