Әжемнің ертегілері

10.11.2024 Выкл. Автор editor
Әжемнің ертегілері

Қаратөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №229 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Адал – Адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» атты ертегі оқу  өткізілді.

Шараның мақсаты: Балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыру, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.Ертегілер арқылы тіл байлығын молайту,балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын  арттыру.

Кітапханада қызықты ертегі кітаптарға  шолу жасалып ,қызықты  ертегілер оқылды.  Кітапханадағы қызықты ертегі кітаптар,  жас жеткіншек оқырмандарды қызықтырып, қиялына қанат бітіретін тартымдылығымен баурап алады.

Оқушылар «Бүгінгі көңілі ояу, көзі ашық, сауатты оқырман кітаптан, өзіне қажетті рухани нәр алады» деп өз ойларын айтып өтті.