«Аяжан» повесіне талдау
15.11.2024Қожамберді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қараша күні «Әлем-ВООК» жобасы аясында Бір ел-бір кітап акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Аяжан» повесіне талдау 8 сынып оқушыларымен бірге өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, әдеби кейіпкерлер арқылы өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын ұғындыру
Шара барысында оқушылар қаланың қаршадай қызы ауылға барып, ауыл тіршілігімен танысуы, ауыл адамдарына қала адамдарының жақсы қасиеттерін таныстыру жайлы Сейілхан Арайлым шығарма жайлы айтып өтті. Оқырмандар Бердібек Соқпақбаев бала табиғатына терең бойлап, мінезінің, нәзік иірімдерін, балаға тән шыншылдықты, тазалықты, асыл қасиеттерін жан-жақты суреттеді.