Өмірдің өз шындығы

05.12.2024 Выкл. Автор editor
Өмірдің өз шындығы

5 желтоқсан күні А.Сопыбеков атындағы кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің акт залында Қызылорда қаласының Құрметті Азаматы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшесі  Жүзбай Таңрықбаевтың  «Өмірдің өз шындығы»  кітабынан проза, сурет  салудан аудандық байқау өткізілді. Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміз Ж.Таңрықбаевтың шығармаларын  оқуға насихаттау,  өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру. Шара колледж фойесінде жасалған «Қоғам ақиқатын ашқан жазушы» атты  кітап  көрмесі, суреттер  көрмесінен бастау алып,  кітапханашы Айнур Шарапова таныстырып өтті. «Заңғар» мектебінің кішкентай бишілері «Қазақ» биімен шараны ашып беріп, кітапханашы М.Кадирбергенова байқауға қатысушы талапкерлермен таныстырып өтті.  «Ойдан құралып, ойға қонған сөз»  атты  проза жанры бойынша  оқушылар  Ж.Таңрықбаевтың «Өмірдің өз шындығы» кітабынан өздері таңдап оқыған  бір әңгімесін талдап айтып, ал кейбірі көрініс ретінде де көрсетіп берді.   Әділқазылар алқасы мүшелері   жазушы Жүзбай Таңрықбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі, халық ақыны М.Көкенов атындағы шығармашылық ұжымының жетекші маманы Уали Ибрагимов, «Жаңақорған тынысы» газетінің журналисі Мақпал Патенова, Әлшекей атындағы өнер мектебінің мұғалімі Ж.Бектеміров оқушылардың  сурет салудағы өнерлеріне, оқушылардың сахнадағы мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне мән беріп, әділ шешімдерін шығарды. Проза жанры бойынша  І орын жүлдегері Қожакент ауылының №168 мектеп оқушысы Жақсылық Нұрайым, ІІ орын жүлдегері  А.Абдуллаев атындағы мектептің оқушысы Қайрат Саяуыш, Алпысбаев Мерей, ІІІ орын №3 мектеп-интернатының қуыршақ театрының оқушыларына бұйырды. Сурет жанры бойынша І орын «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің оқушысы Мадияр Тоғжан, ІІ орын А.Абдуллаев атындағы мектептің оқушысы Сейілбекқызы Нұрай, ІІІ орын «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің оқушысы, ең кішкентай 8 жастағы суретші Бахтияр Айшаға беріліп, барша шараға қатысқан оқушылар алғысхаттармен марапатталды.Орын алған оқушылар арнайы кітапханашы А.Жаханованың демеушілігімен  дайындалған арнайы сыйлықтар табысталды және шр соңында марапатталушы оқырмандарға Ж.Таңрықбаевтың кітаптары, журналдары таратылып берілді.   Шараның проза байқауына   аудан бойынша 11 мектеп, сурет жанры бойынша 9 мектептен жалпы  38  оқушы қатысты. Байқау өте тартысты өтті, жалпы қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.