Адалдықты өзімізден бастайық
09.12.2024А.Сопыбеков атындағы кітапханада 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдықты өзімізден бастайық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Рүстем Ибрагим, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дюсенбаева, кент, ауылдық округтерінің заңгерлері, жастар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысты аудан әкімі аппаратының басшысы Рүстем Ибрагим ашып, ауданда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, осы бағытта әрі қарайда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Сонымен қатар, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Дюсенбаева баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оған қарсы іс-қимыл жасауға және оған қарсы күрестің негізгі тұстарын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементі ретінде халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды атап өтті.
Ел ағасы, кәсіби медиатор Ерғали Оразбеков, А.Сопыбеков атындағы орталық кітапхана директоры Әсемкүл Тилеубергенова сыбайлас жемқорлық тарихынан мысалдар келтіріп, жастарды нөлдік төзімділік танытуға шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары мен құқықтық қоғамды қалыптастыру мақсатында жасалған «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» атты кітап көрмесімен кітапханашы З.Садыкова таныстырып өтті.