Тыңда мені жүрекпен
06.12.2024
Бесарық бекеті ауылдық кітапханасында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасының «Әлем BOOK» жобасы аясында желтоқсан айының 6-сы күні Ақын Фариза Оңғарсынова туғанына 85 жыл толуына орай «Тыңда мені жүрекпен» атты жыр сағаты өткізілді.
Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу. Поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашысы Г.Қасымбекова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасады. Балалар ақын Фариза Оңғарсынованың «Перзент сөзі», «Ақ мамам», «Ана», «Бауырластарыма» және Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңдерін оқыды. Ары қарай балалар Фариза Оңғарсынованың күнделік беттерінен үзінділер мен ақын апамызға арналған нақыл сөздерін талқылады.