Өлеңнің тау тұлғасы — Қадыр ақын

24.01.2025 Выкл. Автор admin
Өлеңнің тау тұлғасы — Қадыр ақын

24 қаңтар күні Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлем BOOK»  жобасы аясында «Ғасыр»  қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Өлеңнің тау тұлғасы — Қадыр ақын» атты поэзия кеші өткізілді.

    Мақсаты: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу, және ақын шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. Қадыр Мырза Әлі өлендерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру.

    Шара барысында кітапханашы жазушы жайында мәліметтер берді. Оқушылар ақын Қадыр Мырзалиевтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтып өтті. Ақынның өлең жолдарынан үзінділер оқыды. Қадыр Мырзалиев жайлы сұрақтарға жауап берді. Кеш соңында халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазған «Атамекен» әнін айтты.