Қазақ тарихының әдеби суреткері

26.01.2025 Выкл. Автор admin
Қазақ тарихының әдеби суреткері

А. Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 9 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Қазақ тарихының әдеби суреткері” атты тұлғатану кеші  өткізілді.

Кешті қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Әбдіқадыр  Мағжан ашып беріп, оқушыларды жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен  таныстырып өтті, Кітапханашылар І.Есенберлиннің кітаптарына шолу жасады, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бадирова Нұргүл кешті қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Мақсаты: еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.