Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай №3 мектеп-интернатында «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді әдебиет пәні мұғалімі С. Әбілхайыр ашып, оқушылар Әл-Фарабидің өмірбаяны мен ғылымдағы орны және негізгі еңбектеріне тоқталды. Ал, тарих пән мұғалімі А.Бекбергенов Ұлы Ойшыл Әл-Фарабидің еңбектері ислам философиясының дамуына және Еуропадағы Ренессанс кезеңіне үлкен ықпал еткендігіне және оның идеялары ғылым мен мәдениет тарихында маңызды рөл атқарғандығына кеңінен тоқталды.
Дөңгелек үстелді кітапханашы М. Кадирбергенова Әбу Насыр Әл-Фарабидің, «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады» деген керемет нақыл сөзімен қорытындылады.
Дөңгелек үстел шарасының мақсаты: ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің көп қырлы әдеби-ғылыми мұрасымен, шығармашылық өмірімен танысу және келесі ұрпаққа насихаттау